Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәжікстан коронавирусты толықтай жеңді. Бұл туралы ел президенті Эмомали Рахмон жыл сайынғы парламентке жолдауында айтты.
Тәжікстанда қазір коронавирус жоқ, оны толықтай жойдық, - деді Тәжікстан президенті.
Дегенмен ол ел тұрғындарына қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін жеткізді.
Бізге еркінсуге және қауіпсіздік шараларын ұмытуға болмайды, - деп толықтырды Эмомали Рахмон.
Президенттің мәліметінше, 2020 жылы Тәжікстан үкіметі пандемиямен күреске 145 млн доллар бөлген, елде жедел түрде 30 жаңа аурухана пайдалануға берілген.
Коронавирус пандемиясымен күресте ауруханаларда науқастар үшін 7 мыңнан астам орын жасақталды, COVID-19 инфекциясын жұқтырғандарға 5 400 медицина қызметкері көмек көрсетті, - деді ол.
Тәжікстанда 15 күннен бері коронавируспен ауырғандар тіркелмеген.