Кері осмос сүзгілері арқылы таза H20 күйіне дейін тазартылған суды ішу ағза үшін қауіпті. Бұл туралы биохимик Мария Кулешова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ «Газета.ru-ға» сілтеме жасап.
Биохимиктің айтуынша, кері осмос тіпті қарапайым сүзгілер басқара алмайтын ең ауыр жағдайда да суды таза H20-ға тазартуға дейін қабілетті.
Ал бұл әдістің жанама әсері болуы мүмкін.
Негізі ағзаға тұздың белгілі бір мөлшері керек, сондықтан суды одан әрі байыту қажет болады. Сондай-ақ, ескерту керек жайт, диета кезінде мұндай тазартылған суды ішуге мүлде болмайды, - деді ол.
Мария Кулешова кері осмос судың құрамындағы калий мен натрий тұзын сүзіп алатынын бөлісті. Ал олар қан құрамын сақтау үшін қажет тұзды ерітінді. Маман осы себеппен тазартылған суды ағзаның жұмысын қолдайтын пайдалы заттармен қосымша қанықтыру қажет екенін ескертті.
Кальций мен магний ағзаға жүрек пен бұлшықет жұмысын жақсарту үшін қажет, бірақ әрине белгілі бір мөлшерде, - деп түйіндеді ол.