Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. #Birge #TazaQazaqstan экологиялық сенбілігіне 190 мың адам қатысып, 15044 тонна қоқыс жиналды, деп хабарлады ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Twitter-дегі парақшасында.
"#Birge #TazaQazaqstan:27 шiлдеде еліміз бойынша 197 120 адам қатысты.4071 га көлемi тазаланды. 15044 тонна қоқыс жиналды! 1.Қарағанды облысы - 4110 тонна, 2.Қызылорда облысы - 4106 тонна, 3.Ақмола облысы - 1885 тонна. Президентiмiз айтқандай: елiмiздi таза аймаққа айналдырайық!", - деп жазды экология министрі Twitter-дегі парақшасында.
Министр экологиялық акцияға қатысқан барша қазақстандықтарға алғыс айтып, алдағы уақытта да бұндай іс-шараларға белсенді қатысуға шақырды.
"#Birge #TazaQazaqstan экологиялық сенбілігіне қатысқан əрбіріңізге шын жүректен алғысымды білдіремін! Акция бір-ақ рет болмасын, барлығын осы дəстүрді жалғастыруға, отандастарымызды өз бойына қоқысты бөлектеп жинау мəдениетін сіңіруге шақырамын", - деп атап өтті Мырзағалиев