«Таза Қазақстан»: Жетісу облысында 25 тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылды

Іле өзенінің арнасы тазартылды

 Жетісу облысының әкімдігі Бүгiн 2026, 17:24
Бүгiн 2026, 17:24
112
Фото: Жетісу облысының әкімдігі

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында аумақтарды тазарту, көгалдандыру және елді мекендерді санитарлық тазалау жұмыстары ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сонымен қатар бекітілген жоспарға сәйкес Панфилов ауданында «7 OZEN» экологиялық акциясы өткізіліп, Іле өзенінің арнасы тазартылды. Оған 50 адам, 2 бірлік арнайы техника жұмылдырылып, 25 тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылды.

Сондай-ақ халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруға және елді мекендердің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасын іске асыру шеңберінде Талдықорған, Текелі, Сарқан, Жаркент, Үштөбе және Үшарал қалаларында «Таза қала» экологиялық акциясы өткізілді.

Аталған іс-шара қала аумақтарын санитарлық тазартуға, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға, сондай-ақ халықты, еріктілерді, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерін тарта отырып, аумақтарды көгалдандыруға бағытталды.

Акция қорытындысы бойынша 2 800 адам қатысты, 41 бірлік техника тартылып, 101 тонна қоқыс шығарылды, 1 710 ағаш көшеттері отырғызылды.

Облыс бойынша тазарту және көгалдандыру іс-шаралары басталғаннан бері 51 мыңнан астам адам қатысып, 913 бірлік техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 1 044 гектар аумақ тазартылып, 4 мың тонна қоқыс шығарылып, 40,9 мың ағаш көшеті отырғызылды.

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру жалғасуда және ерекше бақылауда. Аталған акция өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға және халықтың қоршаған ортаға жауапты көзқарасын қалыптастыруға бағытталған.

 

Наверх