Келес ауданында «Орман өрттерінің алдын алу шаралары туралы» республикалық іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шара жүйелі профилактикалық жұмыс жүргізу, мамандандырылған қызметтердің дайындық деңгейін арттыру және халықтың жауапкершілігін қалыптастыру арқылы орман өрттерінің шығу қаупін төмендетуге бағытталған. Кешенді тәсіл сақтандыратын шаралар, оқыту мен мониторингтің заманауи технологияларын біріктіреді.
Тазалық іс шарасы аясында Келес ауданы аумағында өрт сөндірушілер, құтқарушылар, мемлекеттік қызметшілер және аудан тұрғындарымен еріктілерден жиналған жалпы 3000 нан аса адам, 12 техника қатысып, жалпы 5 т қоқыс шығарылды.
Сонымен қатар, Келес аудандық төтенше жағдайлар бөлімі тарапынан «Орман өрттерінің алдын алу шаралары туралы» республикалық іс-шарасы аясында елді мекен аумақтарында өрт қауіпсіздігі бойынша Республикалық және облыстық жол бойларына аудан тұрғындарына ескерту билборд ілінді.