Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Таза Қазақстан": елордалық студенттермен экокездесу өтті

11 Қараша 2025, 09:16
440
Бөлісу:
 Астана әкімдігі
Фото: Астана әкімдігі

Елордадағы жоғары оқу орындарында – «Тұран-Астана» университеті мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жастардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған кездесу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігіне сілтеме жасап.

Іс-шара ауқымды республикалық «Тaza Qazaqstan» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылып, оны елорданың Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен қалалық экохаб бірлесе өткізді. Мақсат – жастар арасында экологиялық сананы қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапты көзқарасты дамыту және студенттерді экобастамаларға тарту.

Кездесу барысында студенттер пластик қалдықтарын жинауға қатысты. Бұл бастама қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін насихаттап, студенттік ортада экологиялық жауапкершілікті күшейтуге бағытталған.

"Таза Қазақстан": елордалық студенттермен экокездесу өтті

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар жастардың экологиялық ойлауын дамытуға және табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Өзгелердің жаңалығы