«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Алматыда кең көлемді көгалдандыру жұмыстары жалғасып келеді. Биыл шаһарда 550 мыңнан астам жасыл желек отырғызу жоспарланған. Бұл қаланың экологиялық ахуалын жақсартып, көшелер мен аулаларды жайлы әрі көрікті ете түспек, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2026 жылға жоспарланған жасыл желек көлемі:
– 7,2 мыңнан астам ірі көлемді ағаш (биіктігі 5-6 метр)
– 500 мыңнан астам бұта
– 40 мыңға жуық кесілген ағаштың орнына көшет (2-2,5 м)
Көктемгі маусымға жоспар:
19 мыңға жуық жасыл желек отырғызу, оның ішінде:
– 3,7 мың ірі көлемді ағаш
– 15 мың кесілген ағаштың орнына егілетін көшет
Қазірдің өзінде атқарылған жұмыстар:
– 6 мыңнан астам жасыл желек егілді
– 2,6 мың ірі көлемді ағаш
– 4 мың көшет
Сонымен қатар, Садықов көшесінің бойында 80 ірі көлемді ағаштан (5-6 м) тұратын жаңа аллея ашылады.
Негізгі басымдық – егілген өсімдіктердің жақсы жерсінуін қамтамасыз ету, сондай-ақ қаланың климатына төзімді түрлерді таңдау.
Көгалдандыру жұмыстары климаттық ерекшелік пен қалалық ортаны дамыту басымдықтарын ескере отырып, кезең-кезеңімен жүргізіледі. Негізгі назар өсімдіктердің жерсіну деңгейін арттыруға, төзімді түрлерді таңдауға және тұрғындар үшін жайлы жасыл кеңістік қалыптастыруға бағытталған, – деді Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы басшысының орынбасары Мадияр Көжекеев.
Алматы жыл сайын жасыл желегі көбейіп, тұрғындар үшін өмір сүруге жайлы қалаға айналып келеді.