"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Жетісу облысында "Ыстық ұя" экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Акцияның мақсаты – тұмса табиғатты қорғау мен экологиялық тепе-теңдікті сақтаудың маңыздылығына халықтың назарын аудару, сондай-ақ жергілікті құстарға қолайлы орта жасау.
.jpeg)
Іс-шара барысында қатысушылар ұя жасап, оларды жасыл аймақтарда, саябақтарда және құстардың ұя салуына қолайсыз жерлерге орнатты. Акция аясында білім беру дәрістері мен шеберлік сыныптары өткізіліп, ол халықтың, әсіресе жастардың, экожүйені қорғау мен құстардың маңыздылығы туралы экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталды.

"Таза Қазақстан" жобасы аясында елімізде экологиялық мәдениетті дамыту, қоршаған ортаны қорғау және табиғат тазалығын сақтау идеяларын насихаттау жалғастырылуда. "Ыстық ұя" экологиялық акциясы аймақта тұмса табиғатты қорғау мәселелерін шешуде маңызды қадам болып отыр.
.jpeg)
"Ыстық ұя" экологиялық акциясы аймақтың биологиялық алуан түрлілігін қолдауға әрі сақтауға маңызды үлес қосуда.
Біз, жастар, "Ыстық ұя" акциясы экожүйені сақтау мәселесі жөнінде халықтың қызығушылығын арттырып қана қоймай, азаматтардың табиғатқа деген жауапкершілігін қалыптастыруға көмектеседі деп үміттенеміз. Мұндай шаралар еліміздің басқа облыстарына үлгі болып, табиғатқа саналы көзқарас қалыптастыруға, экологиялық тепе-теңдікті сақтауға ықпал етеді,- деді "Мейірімді Жетісу" волонтерлік фронт-офисінің жетекшісі Шырай Саматқызы.

Жалпы Жетісу облысы бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық бағдарламасы аясында жыл басынан 740 жастың қатысуымен 200-ге жуық акциялар ұйымдастырылды.
