Елордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткен «Таза қала» сенбілігіне 30 мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігіне сілтеме жасап.
Іс-шараға тұрғындар, коммуналдық қызметтер, бизнес өкілдері, еріктілер мен студенттер жұмылдырылды. Сонымен қатар 2 200-ден астам ұйым қатысып, 900-ден аса арнайы техника тартылды.
Акция барысында 1232 аула тазартылып, қаладан шамамен 100 тонна қоқыс шығарылды. Қатысушылар аулалар мен көшелерді, саябақтар мен қоғамдық кеңістіктерді ретке келтірді.
Шараның басты мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастырып, тұрғындарды қоршаған орта тазалығына жауапкершілікпен қарауға ынталандыру. Қала әкімдігі ел тұрғындарын экологиялық айлыққа белсенді қатысуға шақырды.