«AMANAT» партиясының Жамбыл облысына қарасты «Жастар Рухы» Жастар қанатының мүшелері Taza Like акциясына атсалысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы «Жастар Рухы» Жастар қанатының Instagram-дағы парақшасында мәлім етілді.
Биылғы жылдың 6 желтоқсанында «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» Жастар қанатының мүшелері Қазақстанның тарихи, мәдени және табиғи мұрасын вандализмнен сақтау мақсатында қаламыздағы Жазылбек Қуанышбаев атындағы аллея және аялдамалардағы жабайы жарнаманы жоюға бағытталан акцияны өткізді. Біз қалайтын қоғам – таза, әсем және вандализмге төзбейтін өркениетті, қауіпсіз қоғам, - делінген хабарламада.
Рухтастар автобус бекеттерін, балалардың ойын алаңдарын, ғимараттар сыртында жазылған жазулар мен бояулардан тазарту арқылы қоғамдық бірлесе вандализммен күресуге шақырып отыр.
Оқи отырыңыз: