Тайваньның шығысындағы Хуалянь уезінде магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Орталық метеорологиялық бюроның (CWA) мәліметіне сәйкес, жер сілкінісінің эпицентрі Хуалянь уезінің әкімшілік орталығынан солтүстік-шығысқа қарай 18,3 шақырым жерде орналасқан.
Жер асты дүмпулерінің ошағы 31,6 шақырым тереңдікте тіркелген.
Сілкініс Хуалянь уезіндегі елді мекендерде, сондай-ақ солтүстікте көршілес жатқан Илань уезінде сезілген.
Жер сілкінісінен кейін қаза тапқандар немесе қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.