Тайвань қарулы күштері Хуалянь уезі жағалауында аралдың әуе күштеріне тиесілі F-16V жойғыш ұшағы радардан жоғалғаннан кейін ауқымды іздеу-құтқару операциясын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Focus Taiwan порталының мәліметінше, ұшақ түнгі оқу-жаттығу рейсін орындау кезінде белгілі бір сәтте жойғыштар тобынан бөлініп, содан кейін онымен радиолокациялық байланыс үзілген.
Әуе күштері қолбасшылығының дерегінше, жоғалған ұшақтың ұшқышы — капитан Синь. Ол жоғалар алдында катапультпен секіруге ниетті екенін хабарлап үлгерген. Алайда қазіргі уақытта пилоттың әуе кемесінен шынымен шыққанына қатысты нақты растау жоқ.
Іздеу жұмыстарына Тайваньның әуе және әскери-теңіз күштерінің бөлімшелері, сондай-ақ жағалау күзеті тартылған. Оқиға болуы мүмкін аймақта жүрген азаматтық кемелер де құлақтандырылған.
Іздеу-құтқару шаралары жалғасып жатыр.