Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таиландта жас қыздар мен ұлдар арасында жағажай волейболынан Азия чемпионаты мәресіне жетті. 19 жасқа дейінгі жастар арасында өткен құрлықтық бәсекеде еліміздің спортшылары жақсы нәтиже көрсетті.
Жастар арасындағы бәсекеге Қазақстан атынан төрт жұп қатысты. Қыздар арасында Лаура Кабулбекова және Надежда Иванченко, Айсұлу Мұхтарқызы және Әсемай Сабанбаева, ал ұлдар арасында Дархан Аманжолов пен Дамир Лапов, Александр Кетиладзе және Александр Исмаилов жұбы бақ сынады.
Жағажай ойыншыларының тандемі Дархан Аманжолов пен Дамир Лапов халықаралық деңгейдегі жарыста көзге түсті. 3 орын үшін өткен бәсекеде қазақстандық жұп тайландық спортшыларды техникалық жеңіспен ұтып, қола жүлдегер атанды.