Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары жалғасуда. Бүгін эвакуациялық шаралар аясында бірнеше халықаралық рейс орындалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Air Astana әуе компаниясы Қазақстан азаматтарын елге жеткізу үшін екі рейс жоспарлаған:
Сонымен қатар Flydubai әуе компаниясының Дубай – Алматы бағыты бойынша екі рейсі және Дубай – Астана бағыты бойынша бір рейсі жүзеге асырылады. Бұл рейстермен жалпы 506 жолаушыны тасымалдау көзделіп отыр.
Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдардың үйлестіруімен жалғасуда. Билік өкілдері эвакуациялық шаралар кезең-кезеңімен әрі жүйелі түрде іске асырылып жатқанын мәлімдеді.