Қазақстанның мемлекеттік органдары мен дипломатиялық өкілдіктерінің қолдауымен Таяу Шығыс өңірінен 9 517 қазақстандық елге эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазіргі уақытта Біріккен Араб Әмірліктерінен, Қатардан және Сауд Арабиясы Корольдігінен Қазақстан азаматтарын эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр.
Сонымен қатар Сыртқы істер министрлігі Бахрейн, Израиль, Иордания, Иран, Кувейт, Ливан және Оман елдерінен азаматтарды қайтару бойынша эвакуациялық іс-шараларды аяқтау жұмыстарын жүргізуде.
Ведомствоның мәліметінше, өңірдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде эвакуациялық шараларды үйлестіруді жалғастырып, отандастарымызбен тұрақты байланыс орнатып отыр.
Сондай-ақ дипломаттар Қазақстан азаматтарына қажетті консулдық қолдау көрсетіп, олардың елге қауіпсіз оралуына барлық жағдай жасауда.