Таяу Шығыстағы қақтығыс: Қазақстан азаматтары қай елдерден қайтты?

Таяу Шығыстағы қақтығыс: Қазақстан 8,5 мыңнан астам азаматын елге қайтарды.

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов 10 Наурыз 2026, 15:40
10 Наурыз 2026, 15:40
302
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп Таяу Шығыстағы қақтығыс аймақтарынан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрліктің ресми өкілі Ерлан Жетібаевтің мәліметінше, қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда. Қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары арасында зардап шеккендер немесе қаза болғандар туралы ақпарат тіркелмеген.
Эвакуация басталғалы бері уәкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ резидент және резидент емес әуе компанияларының көмегімен 8585 қазақстандық елге қайтарылды, - деді ол.
Алдағы күндері бірқатар елдерден азаматтарды эвакуациялау жалғасады. Атап айтқанда:
 
•Израильден – 78 азамат,
 
•Катардан – шамамен 350 адам,
 
•Біріккен Араб Әмірліктерінен – шамамен 550 адам,
 
•Сауд Арабиясынан – шамамен 300 адам эвакуацияланады деп жоспарланып отыр.
 
Айта кету керек, бұл көрсеткіштер өзгеруі мүмкін.
 
Әуе рейстерінен бөлек, қазақстандықтарды эвакуациялау жер үсті жолдары арқылы да жүзеге асырылуда. 
 
Мәселен, азаматтарды шығару Әзербайжан, Армения және Түрікменстан бағытындағы шекаралар арқылы жүргізілді.
Осылайша, Ираннан 66 Қазақстан азаматы елге қайтарылды, - деді ол.
Қазіргі уақытта өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері эвакуациялау жұмыстарын үйлестіріп, отандастармен тұрақты байланыс орнатып отыр.
 
Сыртқы істер министрлігі шетелде жүрген азаматтарды ведомствоның және тиісті елдердегі қазақстандық дипломатиялық мекемелердің ресми хабарламаларын мұқият қадағалап отыруға шақырды.
 
Министрлік мәліметінше, Қазақстан азаматтарының қауіпсіз түрде елге оралуы мемлекет үшін басты басымдықтардың бірі болып қала береді.
Наверх