Таяу Шығыстағы ахуал: Қазақстан алдымен шетелдегі қандастарға қамқорлық жасауы керек – Саиров

Таяу Шығыста жағдай қиындаса, босқындардың көптеп келу қаупі бар ма?

 Мәжілістің баспасөз қызметі Бүгiн 2026, 10:31
Бүгiн 2026, 10:31
227
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс кулуарында журналистер Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты босқындар мәселесін көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналистердің “Таяу Шығыста жағдай қиындаса, босқындардың көптеп келу қаупі бар ма?” деген сұрағына Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров жауап берді.

Оның айтуынша, Қазақстан ең алдымен шетелде тұрып жатқан этникалық қазақтарға қолдау көрсетуге назар аударуы қажет.

Біз ең бірінші ол жақта тұрған этникалық қандастарға қамқорлық жасауымыз қажет. Кейін ғана барып, босқын мәселесін қарастыруға болады. Меніңше, Қазақстан ең бірінші шетелде тұрған азаматтарына қамқорлық көрсетуі қажет. Ал егер гуманитарлық жағдай қиын болса, басқа мемлекеттерге қарап, егер олар көмек көрсетсе, біз де қадам жасағанымыз жөн, – деді депутат.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх