Таулы аймақтарда жауын-шашынды болады

26 Қазан 2022, 21:14
2654
Бөлісу:
Таулы аймақтарда жауын-шашынды болады

Қазақстан бойынша 2022 жылғы 27-29 қазанға арналған ауа райы болжамы белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

27 қазанда солтүстікте, 27-28 қазанда шығыста жауын-шашын әлі де сақталады, шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Аптаның ортасында батыс өңірлерге, содан кейін Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс антициклоны ауысады, сонымен байланысты жауын-шашынның тоқтауы және ауа температурасының төмендеуі күтілуде. 28 қазаннан бастап елдің батысына циклон жырасымен жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. 

27 қазанда оңтүстікте, 27-28 қазанда елдің оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жауын-шашын болады: таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады). Республика бойынша желдің күшеюі болжануда, батыста, солтүстікте және шығыста-көктайғақ пен тұман болжанады.

Ауа температурасы:

батыста түнде 8 аяздан-7 жылыдан 2 аяз-8 жылы, күндіз 3-15 жылыдан 2-10 жылыға дейін төмендейді;

солтүстік-батыста түнде 10 аяз-5 жылы, күндіз 5 аяз-5 жылы;

солтүстікте түнде 5 аяз-5 жылыдан 5-10 аязға дейін төмендейді, күндіз 3 аяз-5 жылыдан 0-5 аязға дейін шамалы ауытқу болады;

орталықта түнде 8 аяз-6 жылыдан 3-13 аязға дейін, күндіз 5 аяз-10 жылыға дейін төмендейді;

шығыста түнде 5 аяз-6 жылыдан 3-12 аязға дейін, күндіз 5-12 жылыдан 6 аяз -2 жылыға дейін төмендейді;

оңтүстікте түнде 3 аяз-8 жылы, күндіз 2-10 жылыдан 7-15 жылыға дейін жоғарылайды;

оңтүстік-шығыста түнде 8 аяз-10 жылыдан 10 аяз - 5 жылыға дейін төмендейді, күндіз 2-15 жылыдан 5 аяз - 10 жылыға дейін төмендейді.

Өзгелердің жаңалығы