Таулы аймақтағы жер сілкінісі: билік жағдайды бақылауда ұстап отыр

16 Сәуір 2025, 06:23
656
Бөлісу:
Таулы аймақтағы жер сілкінісі: билік жағдайды бақылауда ұстап отыр
Фото: istockphoto.com

Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы Гиндукуш тау жотасы маңында 5,6 баллдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Зілзала жергілікті уақытпен 03:44-те Баглан қаласынан шығысқа қарай 167 шақырым жерде тіркелді. Қала халқы шамамен 108 мың адамды құрайды. Жер сілкінісінің ошағы 121 шақырым тереңдікте орналасқан.

Бастапқыда зілзаланың қуаты 6,4 балл деп хабарланғанымен, кейіннен көрсеткіш 5,6-ға түзетілді.

Қазіргі уақытта зілзаладан келген ықтимал зардаптар мен зардап шеккендер туралы ресми ақпарат жоқ.

Жергілікті билік жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Өзгелердің жаңалығы