Тәулік бойы жұмыс істейтін алматылық кітапханалар туралы білесіз бе?

18 Қараша 2023, 14:38
1778
Бөлісу:
Тәулік бойы жұмыс істейтін алматылық кітапханалар туралы білесіз бе?
Фото: автордан

Алматыда тәулік бойы жұмыс істейтін кітапхана жайлы білесіз бе? Осы ретте BAQ.KZ тілшісі Ж.Жабаев атындағы кітапxанаға шолу жасаған еді.

Алматыда екі бірдей кітапхана тәулік бойы жұмыс істейді. Олар - Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы мен «Alatau Creative Hub» орталығы. Екі орталық тұрғындарға ыңғайлы аймақта орналасқан. Рухани алаңға студенттер мен жастар оқуы мен жұмысы аяқталған соң бірден бет алады.

Тәулік бойы жұмыс істейтін алматылық кітапханалар туралы білесіз бе?

Біз сапарымызды Назарбаев, 43 мекенжайында орналасқан Ж.Жабаев атындағы кітапxананың жұмысымен танысудан бастадық. Кірген бойда келген адамды кітапханада жұмыс істейтін қызметкерлер күтіп алады. Бірінші рет келіп отырсаңыздар, сізге оқу билетін ашып береді.

Бұнда оқырмандар кітаптарды электронды түрде оқи алады. Жас ақын-жазушылардың жаңа шығармаларын таныстырады. Сондай-ақ деректі және ғылыми- танымдық фильмдерді көруге мүмкіндік беретін заманауи Оpen space және тегін Wi-fi мен кофехана бар.

Тәулік бойы жұмыс істейтін алматылық кітапханалар туралы білесіз бе?

Бір байқағанымыз, бұл жерден шетелдік студенттерді көруге болады. Оларды әңгімеге тарта отырып, бұл жердің оларға да ұнайтынын, сабағына дайындықты осында өткізетінін білдік.

Мен Үндістанның Мумбай қаласынан келдім. Алматыдағы Каспий университетінде оқимын. Мен бұл жерге сабақтан кейін үнемі келемін. Өте ыңғайлы жабдықталған. Сабаққа дайындалып, пайдалы уақыт өткізуге болады. Мұндағы адамдар әрдайым өз беттерінше жұмыс істеп отырады. Кітапхана ішінде жақсы атмосфера орнаған, - дейді Сахил есімді оқырман.

Тәулік бойы жұмыс істейтін алматылық кітапханалар туралы білесіз бе?

Кітапхана сыртында жұмыс кестесін жазып, іліп қойған. Күнделікті таңғы сағат 09:00- дан, кешкі 22:00- ге дейін жұмыс істейді. Сенбі және жексенбі күндеріде балалардың білім алуына атсалысады.

Кітапхананың атмосферасының өзі басқаша. Сұр қабырғалардың орнына мотивация беріп тұратын ұлылардың сөздері жазылып тұрады. Бұл жерге келсеңіз арт-кеңістіктер, көптеген кітаптар, кофемен рахаттана аласыз.

Тәулік бойы жұмыс істейтін алматылық кітапханалар туралы білесіз бе?
Тәулік бойы жұмыс істейтін алматылық кітапханалар туралы білесіз бе?
Өзгелердің жаңалығы