Тауға бару қауіпті: ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

Қазақстанда ауа райы жағдайы мен қар жамылғысының жиналуына байланысты кейбір учаскелерде қар көшкінінің өздігінен түсу қаупі сақталып отыр.

 Алматы төтенше жағдайлар департаменті Бүгiн 2026, 19:47
Бүгiн 2026, 19:47
250
Фото: Алматы төтенше жағдайлар департаменті

Қар көшкіні жағдайын бақылау үшін ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» мекемесінің мамандары көшкін қаупі бар аумақтарға мониторинг жүргізіп, оларды тұрақты түрде тексеріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

28 наурыздағы жағдай бойынша республика аумағында 378 жерүсті тексеру жүргізілген. Қар көшкіні жүруі мүмкін аймақтарда 110 ескерту белгісі орнатылған.

2025–2026 жылдардағы көшкін қаупі кезеңі басталғалы (2025 жылдың қарашасынан бері) Алматы қаласында, Алматы, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында жалпы көлемі 175 600 м³ болатын 66 өздігінен қар көшкіні тіркелді. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жалпы көлемі 113 246 м³ болатын 99 профилактикалық қар көшкіні түсіру жұмыстары жүргізілді, – деп мәлімдеді ҚР ТЖМ.

Түркістан және Жамбыл облыстарының биік таулы аймақтарында, сондай-ақ Алматы қаласы мен Алматы, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарының таулы өңірлерінде көшкін қаупі жоғары деңгейде сақталып отыр. Қардың өздігінен түсу ықтималдығы жоғары.

Осыған байланысты тік, қар басқан беткейлерге шығу ұсынылмайды, өйткені ол қар көшкінінің жүруіне себеп болуы мүмкін.

ҚР ТЖМ көшкін қаупі кезеңінде таулы аймақтарға барудан бас тартуға шақырады.

Наверх