Тәуелсіздікке тарту

17 Желтоқсан 2021, 14:29
3910
Бөлісу:
Тәуелсіздікке тарту

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арнап ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/6 және ОВ 156/20  мекемесінде жазасын өтеп жатқан Тәуелсіздік  құрдастары ұлттық  домбра мен астау жасады.

Жазасын өтеп жатқан сотталғандар мерейтойға арнап жасаған бұйымдарына  "Тәуелсіздікке 30 жыл" деп жазған.

ОВ 156/20 мекемесінің сотталғаны ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнаған ұлттық бұйымдарын жергілікті мұражайға сыйға тартты, ал ОВ 156/6 мекемесінде жазасын өтеп жатқан 10 жылға бас бостандығынан айырылған сотталған  Болат (аты өзгертілген) өз қолымен жасаған қазақтың ұлттық аспабы-домбыраны мекемеде сабақ берген өзінің  алғашқы ұстазы Ақтау Жеңісханұлы Бексолтановқа сыйға тартты. Сотталған мекемеге келген кезде мектепті аяқтамаған. Сондықтан ол мекеменің кешкі мектебіне 8 сыныптан бастап оқуға қабылданып, мектепті аяқтауға мүмкіндік алған. Сабақ берген алғашқы мұғаліміне Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арнап, алғашқы ұстазына Ерекше домбыра жасап тарту етті.

Домбыра қазақтың ұлттық аспабы, астау - ұлттық ыдыс. Сондықтан Тәуелсіздік күніне орай Ұлттық ағаш бұйымдарын жасауды жөн көрдік, - дейді сотталушылар.

ШҚО колонияларындағы бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан сотталғандарда Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арнап іс - шаралар өткізуде. 

Олар мерекеге арнап қабырға газеттер, спорттық іс- шаралар, түрлі макеттер жасап, викторина, тенис және ерекше домбыралар жасауда, - деді облыстық Департаменттің баспасөз хатшысы Салтанат Ожиканова.

Өзгелердің жаңалығы