«Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасын іске асыру жоспарлануда

5 Сәуір 2021, 18:47
1877
Бөлісу:
«Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасын іске асыру жоспарлануда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасында вице-министр Асхат Ораловтың төрағалығымен өткен АҚДМ жанындағы Жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің онлайн отырысы барысында Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов 2021 жылға арналған негізгі іс-шараларға тоқталды.

Оның айтуынша, әрбір өңірдің даму ерекшелігін ескере отырып, жастардың өзекті мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар ұйымдастыру арқылы олардың қорытындысы бойынша жастар проблемаларын шешу үшін нақты және атаулы шараларды қоса отырып, іс-қимыл жоспарын қабылдау керек.

Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің отырыстарын ұйымдастыру және өткізу, «Дарын» жастар сыйлығын табыстау, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізілетін іс-шаралар тізімі, «Zeren -2021. Тәуелсіздік Ұрпақтары» республикалық білім беру жастар лагерін жасақтау Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жас қазақстандықтарды дәріптеу мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасын іске асыру жоспарлануда, - деді ол. 

Шахмардан Байманов бұл бағытта атқарылатын халықаралық іс-шаралар жайында да айтты.

Түркітілдес елдер белсенділері мен жастар көшбасшыларының «Түркістан – түркі әлемінің бесігі» халықаралық жастар саммиті мен АӨСШК елдерінің жастар форумын, Қазақстан мен Ресейдің волонтерлік ұйымдары көшбасшыларының қатысуымен волонтерлік кеңесті, Мемлекет басшыларының қатысуымен Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы аясындағы Қазақстан мен Ресей жастар көшбасшыларының II форумын өткізу жоспарда бар, - деді ол. 

Айта кету керек, аталмыш форум Көкшетау қаласында 12-13 қарашаға жоспарланған болатын, бірақ эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына ауыстырылды.

Спикер жоғарыда көрсетілген іс-шаралар жоспарлы түрде іске асырылатынын айтты. Сонымен қатар министрлік азаматтық қоғам өкілдерімен, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, тиімді ведомствоаралық өзара іс-қимыл жолымен отбасы және жастар саясаты институтын одан әрі дамыту бойынша жұмыс жүргізетін болады.

Өзгелердің жаңалығы