Қазақстанда Тәуелсіздік күні мерекесіне байланысты 2025 жылғы 16 желтоқсанда, сейсенбі күні халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚО) мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мәліметке сәйкес, жалпы жұмыс күндері ХҚО мен мамандандырылған орталықтар дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00–18:00 аралығында қызмет көрсетеді. Сонымен қатар кезекші орталықтардың жұмыс кестесі де жарияланды.
Кезекші ХҚКО-лар:
жұмыс күндері: 09:00–20:00
сенбі: 09:00–13:00
Кезекші мамандандырылған ХҚКО-ларда:
өтініштер жұмыс күндері 09:00–18:00 аралығында қабылданады,
дайын құжаттар 20:00-ге дейін беріледі,
сенбі күні өтініштер 09:00–12:00, ал дайын құжаттар 13:00-ге дейін тапсырылады.