Тәуелсіздік күні педагогтарға жаңа пәтер кілттері табысталды

16 Желтоқсан 2020, 18:32
1683
Бөлісу:
Тәуелсіздік күні педагогтарға жаңа пәтер кілттері табысталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда Тәуелсіздік күні білім беру саласының қызметкерлеріне жаңа пәтерлердің кілттері табысталды, деп хабарлады ҚР БҒМ Баспасөз қызметі.

18 жылдық тәжірибесі бар оқытушы, көпбалалы ана Лаура Өтепбергенова Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа пәтердің иесі атанды.  

Мұғалімдер мен оқытушыларды ұмытпағандары үшін үлкен рахмет айтамын. Біз бұл күнді асыға күттік. Пәтер өте жылы, ыңғайлы, - деді оқытушы Лаура Өтепбергенова. 

Үш баланың анасы Бағила Ыдрысова да елордадағы жаңа пәтердің кілтін алды. Пәтердің кілтін  тапсыратыны туралы хабарлаған кезде  қатты қуанғанын жасырмады. 

Тұрғын үй кезегінде тұрдық. Бүкіл отбасымызбен өте қуаныштымыз. Маған: «келіп, пәтерді таңдап алыңыз», деп хабарлағанда, бақыттан жылап жібердім. Қазір біздің пәтеріміз бар екеніне өте қуаныштымын, - деп  ағынан жарылды педагог Бағила Ыдырысова.
Педагогтер тұрғын үйді «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында және Білім және ғылым министрлігі мен «Қазақстан Ипотекалық Компания» АҚ арасындағы меморандум шеңберінде алды. 
Бүгін еліміздің ең басты мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні біздің әріптес-педагогтеріміз жаңа пәтерлердің кілттерін алуда. Ақтөбе, Ақтау, Алматы, Қарағанды қалаларында да шамамен екі жүзден астам педагог пәтерге ие болды. Біз осы мереке күні әріптестеріміздің жаңа пәтерлерге орналасқанына өте қуаныштымыз. Әрине, енді біздің әріптестеріміз тұрғын үй мәселелеріне алаңдамайтын болады. Бұл – баршамыз үшін  үлкен қуаныш, - деді Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова. 

Өзгелердің жаңалығы