Тәуелсіздік күні. Ливан қазақ бітімгерлерін құттықтады

<p> </p> <h4 align="center">Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ливанда Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.<br> </h4> <br>

 16 Желтоқсан 2020 2020, 21:01
16 Желтоқсан 2020 2020, 21:01
2782

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ливанда Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Ливанда БҰҰ-ның Уақытшы күштерінің қосалқы батальоны алаңда салтанатты сап түзеп, Қазақстанның Мемлекеттік туы көкке көтерілді және әнұраны шырқалды.

Бітімгершілік миссияның басшылығы атынан қазақстандық әскери қызметшілерді миссия басшысы – Ливандағы БҰҰ күштерінің қолбасшысы генерал-майор Стефано Дель Кол құттықтады.

Мереке құрметіне «Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін» қазақстандық медальдармен миссия басшысы – БҰҰ күштерінің қолбасшысы генерал-майор Стефано Дель Кол мен батальон командирі полковник Нараян Сингх Бхати марапатталды.

Қазақстандық бітімгерлер – кадрлар бастығы полковник Владимир Агапонов пен өзара іс-қимыл офицері майор Батыр Тұяқовқа генерал-майор Стефано Дель Кол «БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштеріне қатысқаны үшін» медалін табыстады.

Аталған іс-шара салтанатты марш жасаумен аяқталды.

Естеріңізге сала кетсек, қазіргі уақытта Ливанда бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі миссияны қазақстандық төртінші бітімгершілік рота орындауда.


Наверх