Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тәуелсіздік күні ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді

Бүгiн, 12:25
159
Бөлісу:
 BAQ.KZ
Фото: BAQ.KZ

Қазақстанда Тәуелсіздік күні, сейсенбі, 16 желтоқсанда барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекеттік корпорацияның мәліметінше, Тәуелсіздік күніне байланысты 2025 жылғы 16 желтоқсанда халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде мамандандырылған ХҚКО-лар да қызмет көрсетпейді, – делінген хабарламада.

17 желтоқсаннан бастап барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар әдеттегі жұмыс кестесіне сай қайтадан қызметін жалғастырады.

Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың өзекті тізімін Мемлекеттік корпорацияның Instagram-дағы ресми парақшасынан көруге, сондай-ақ 1414 нөмірі арқылы білуге болады.

Өзгелердің жаңалығы