Тауға өрмелеушілер Іле Алатауының «Жастар» шыңын бағындырды

4 Қыркүйек 2019, 00:55
2709
Бөлісу:
Тауға өрмелеушілер Іле Алатауының «Жастар» шыңын бағындырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Алматы қаласындағы Іле Алатауында «Біз табиғат күшін бағындырамыз» атты Қазақстанның альпинизм фестивалі өтті. Бұл туралы қалалық Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.

«Бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылған шараға еліміздің әр өңірінен 800-ге жуық әуесқой тауға өрмелеуші қатысты. Қатысушылар теңіз деңгейінен 4174 метр биіктікте орналасқан Іле Алатауының «Жастар» шыңын бағындырды»,- делінген хабарламада.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдар, сондай-ақ «Ардагер қатысушы», «Жеңіске деген құштарлығы үшін» аталымдары бойынша бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ал фестивалдің «Ең жас қатысушылары»  13 жастағы Данил Кундюз бен 18 жастағы Дильназ Саттароваларға ұйымдастырушылар велосипед табыстады.

«Жастар жылы» аясындағы «Біз табиғат күшін бағындырамыз» спорттық-бұқаралық альпинизм фестивалі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өтті.

Өзгелердің жаңалығы