Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Татубаев пен Кексельге қатысты "азаптау" бабы бойынша іс қозғалды – Бас прокуратура

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
24 Қыркүйек 2025, 18:48
435
Бөлісу:
 BAQ.KZ коллажы
Фото: BAQ.KZ коллажы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы қызметкерлері Талғат Татубаев пен Олеся Кексель әртүрлі қылмыстық істер бойынша тергеліп жатыр. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Татубаев пен Кексельге қатысты Қылмыстық кодекстің “Азаптау” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деді Қойгелдиев Мәжіліс кулуарында.

Сонымен қатар Бас прокуратураның бастамасымен осы іске қатысы бар делінген тағы бір тұлға – Мақсат Дүйсеновке халықаралық іздеу жарияланған. Қазіргі уақытта оны экстрадициялау процесі басталған.

Журналистердің іс бір өндірісте қаралып жатыр ма деген сұрағына жауап берген Қойгелдиев:

Бұл – әртүрлі қылмыстық істер. Бірақ екеуінде де “азаптау” дерегі бар. Татубаевтың ұсталғанын білесіздер. Ал Кексельдің емізулі баласы бар, сондықтан оның іс бойынша процессуалдық мәртебесі анықталу үстінде, – деп түсіндірді.

Еске сала кетейік, тағы бір танымал блогер JustKing, яғни Нұрбек Нұртазаның қызметі тексерілетін болды.

Өзгелердің жаңалығы