«Тату отбасы». Әр үшінші қазақстандық отбасы баласына күніне 30 минут қана уақыт бөледі

8 Қыркүйек 2020, 11:06
13939
Бөлісу:
«Тату отбасы». Әр үшінші қазақстандық отбасы баласына күніне 30 минут қана уақыт бөледі
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде қыркүйек айының екінші жексенбісі - Отбасы күні болып бекітілген болатын. Айтулы күн биыл айдың 13-іне тұспа-тұс келіп отыр. Осы ретте республика бойынша отбасы құндылықтарын арттыруға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Осы ретте «100 жаңа есім» жобасының 2018 жылғы жеңімпазы Сымбат Әбдірахмановамен әңгімелесіп, Отбасы күніне ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар жайында айтып берді. 

Қызылорда облысы Жастар ресурстық орталығы облыстағы отбасылар, әсіресе жас отбасылар үшін «Тату отбасы» онлайн марафонын биыл осымен екінші рет ұйымдастырып отыр.  

Жастар ресурстық орталығында жас отбасылар бөлімі бар. Бұл бөлім отбасылардың түрлі мәселелерімен, туындаған қандай да бір сұрақтарын шешімен айналысады. Оның ішінде ажырасудың, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, бала тәрбиесі, жастарды болашақ өмірге дайындау. Осы ретте түрлі жиындар, марафондар, шараларды ұйымдастырып тұрамыз, - деді ұйымдастырушылар. 
WhatsApp Image 2020-09-08 at 10.35.50 (1).jpeg

ҚР Білім және ғылым министрлігінің бала құқықтарын қорғау комитетінің зерттеулеріне сүйенсек, зерттеуге қатысқан отбасылардың 3/1 тәулігіне балаларына 30 минуттан аз уақыт көңіл бөледі екен. 

Мұндай марафонды ұйымдастырмас бұрын, алдымен оның қажеттілігі туралы зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бала құқықтарын қорғау комитеті отбасылар арасында зерттеу жүргізген, нәтижесінде зерттеуге қатысқан әрбір үшінші отбасы өз баласына үйінде 30 минуттан да аз уақыт бөлетін болып шыққан. Яғни ата-ана баласына күніне 24 сағаттың жарты сағатын да бөлмейді екен. Осы ретте ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың нашарлығын байқауымызға болады. Яғни ата-ана мен бала арасындағы байланысты, қарым-қатынасты нығайтып, бір-бірімен сөйлесіп, іс-әрекет жасап, балаларын жақынырақ танысын деген мақсатта «Тату отбасы» онлайн марафонын ұйымдастырып отырмыз, - деді Сымбат Әбдірахманова. 
«Тату отбасы» онлайн марафоны биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр.   

Аталған мәселенің маңыздылығын ескере отырып, Қызылорда облысының жастар ресурстық орталығы осы жылдың 8-13 маусым аралығында облыс бойынша «Тату отбасы» отбасылық онлайн марафонын өткізді. Марафонға қатысуға 212 отбасы ниет білдірген болатын. Алайда, тек 102 отбасы ғана тиісті тапсырмаларды орындап, марафонды ойдағыдай аяқтады. Оның ішінде 65 жас отбасы, 11 көпбалалы отбасы болды. 
Марафонға қатысушылар тарапынан қызығушылық өте жоғары болды. Өзіміз де бірінші рет ұйымдастырғаннан кейін «қалай болады?» екен деп ойладық. Кейін нәтижесін көріп таңқалдық. Қатысушылар бірінен-бірі асып түсті. Күнделікті таңертең қандай тапсырма болады екен деп ойлап, қызығушылық танытқандарын жасырмады, - деп алғаш рет өткізген марафон жайында айтып берді. 
Ұйымдастырушылар алғашқы рет өткізілген марафонға қатысушылар шара арқылы отбасыларын басқа, өзгеше қырынан тани бастағанын айтқан. 

WhatsApp Image 2020-09-08 at 10.36.31.jpeg
Балаларымен қарым-қатынастары жақсарғанын ата-аналар айтып жатты. Олар балаларымызбен сөйлеспейтін едік, енді сөйлесе бастадық деп, нәтижелерімен бөліскендер болды. Осы ретте марафон тапсырмаларының бір күніндегі тапсырма – «Баладан сұхбат алу». Бұл тапсырма бойынша ата-ана баланың арманы, өмірге деген көзқарасы білу үшін сұхбат өткізді. Сондай-ақ, отбасылар бір күнді смартфонсыз өткізді. Кейін кешкісін күннің қалай өткендігі туралы ақпарат беріп отырды. Тағы бір күннің ерекше тапсырмасы – жеті атасын, ата-әжесі туралы айту. Яғни 1 күн отбасы тарихыны арналды, - дейді Сымбат Әбдірахманова. 
WhatsApp Image 2020-09-08 at 10.37.02.jpeg

Марафонды ұйымдастырушылардың мәліметінше, карантин режиміне сәйкес, барлық шара қазір онлайн режимде ауысты. Дағдарыс орталықтары одағының мәліметіне сүйенсек, карантин кезінде «150» нөмірлі республикалық сенім телефонына отбасында кикілжіңдер, тұрмыстық зорлық бойынша көмек сұрап хабарласатын жандар көбейген.
Шара осындай жағдайлардың алдын алуға, жалпы отбасы құндылығын насихаттауға, отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасын жақсартуға, балаларға көбірек көңіл бөлуге өз септігін тигізді дейді ұйымдастырушылар. 

«Тату отбасы» марафоны 7-11 қыркүйек аралығында өтеді. 

Бұл марафон бір апта бойы өтеді. Оған облыстағы кез келген отбасы қатыса алады. Қатысушыларға күнделікті тапсырма беріледі. Мысалы, 1-күні ата-ана балаларымен отырып сурет салады, 2-күні бірге түрлі тәттілер пісіреді, 3-күні өздері ертегі құрастырып, соны театрландырып қояды. Одан кейінгі күндері бірге серуендейді және тағы басқа түрлі тапсырмаларды орындайды. Марафонды онлайн өткізу үшін қатысушыларға арнап, WhatsApp желісінен топ ашып, тапсырмаларды күнделікті таңертең беріп отырамыз. Ал қатысушы отбасылар орындаған тапсырмаларын кешке дейін керіс байланыс жасап, сурет не видео арқылы ұйымдастырушыларға жіберіп отырады, - дейді Әбдірахманова. 
WhatsApp Image 2020-09-08 at 10.36.08.jpeg

Оның айтуынша, марафон нәтижесі ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас нығайтып, өз отбасы мүшелерін жаңа қырынан тануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, уақытты бірге қызықты өткізеді. 

Бұл шараға көбінесе жас отбасылар қатысып жатыр. Өзіміз де жас болғандықтан, жас отбасыларды алдық. Дегенмен қатысушы отбасыларға жас шектеуін қойған жоқпыз. Алайда қызығушылық танытқандардың басым көпшілігі жас отбасылар, - дейді Сымбат. 

Оның сөзінше қазіргі кезде көп шаңырақта рухани құндылықтар емес, материалдық құндылықтар басым болып тұр.
Бір апталық марафон арқылы отбасы қарым-қатынасын жоғары деңгейге өзгертеміз деп айта алмаймын. Дегенмен аздап болса да отбасындағы түсіністікті жақсартуға ықпалымызды тигізе алсақ, оның өзі де біздің тарапымыздан көрсетілген көмек болар еді. 

Қазіргі кезде отбасында рухани құндылықтар емес, материалдық құндылықтар басым болып тұр. Жұмыссыздық, ақшаның жетіспеушілігі, отбасының бір мүшесінің құмар ойындарға кіріп кетуі немесе ішімдікке салыну, тұрмыстық зорлық – отбасындағы негізгі проблемалар. Осындай кикілжіңдер ажырасуға дейін алып келіп жатыр. Ата-ана ажырасқанда, қиналатын – бала. Баланың өміріне, тағдырына осындай факторлар қатты әсер етеді. Сондықтан осы шараның тағы бір мақсаты - отбасылар бірге болып, татулығын, беріктігін сақтап қалуға ықпал ету, - дейді Сымбат. 
WhatsApp Image 2020-09-08 at 10.35.50.jpeg

«Тату отбасы» марафонына қатысушылар орындайтын тапсырмалар: 

1.      Отбасылық әлемінің суретін немесе символын салып, өз отбасы ережелерін және қалыптасқан дәстүрлерін жазу;
2.      Балалармен бірге ойдан ертегі құрастырып, оны ойыншықтармен, үйдегі әртүрлі заттарды қолдана отырып, театрландырылған қойылым қою;
3.      Отбасы альбомын қарап, отбасы шежіресін, жеті атаны айту;
4.      «Смартфонсыз күн» өткізу;
5.      Балалар ата-аналардан, ата-аналар балалардан сұхбат алады;
6.      Балаларымен бірге тәтті бәліш, печенье, кекс т.б. әзірлеу. Тәттілерді көршілерімен, жақындарымен бөлісу. 

Марафонға 94 отбасы қатысуда. Кеше марафонның алғашқы күні отбасылар өз жанұяларының суретін салып, отбасы ережелерін құрды. 

Айта кетейік, марафонға қатысу тегін, қызығушылық танытқан кез келген облыстағы отбасылар белсене қатыса алады. 

Әбдірахманованың айтуынша, отбасы мәселесі өзектілердің қатарынан түспейді. Сондықтан бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта жалғасын таба бермек.
 

 



Өзгелердің жаңалығы