Тәттіге тым құмар болмаңыз...

4 Қазан 2022, 07:26
1053
Бөлісу:
Тәттіге тым құмар болмаңыз...

Оңтүстік Калифорния университетінің дәрігерлері тәттілендіргіштерге (сахарозаменитель) бай диета ауыр ауру тудыруы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ғалымдар кеміргіштерге эксперимент жүргізді. Жас егеуқұйрықтарға тәттілендіргіштің бірнеше түрі берілді. Өнім есте сақтау қабілетінің бұзылуын және ми аймағындағы өзгерістерді тудырды.

Бұл ретте тәттілендіргіш зат алмасуға әсер ететіні белгілі болды. Процесс қант диабеті мен басқа аурулардың дамуына әкелуі мүмкін.

 Мамандар ағзаға зиян келтіретін қоспалардың түрлерін атады. Бұл келесідей көрінеді:

Сахарин - дене оны сіңірмейді. Тұрақты қолдану қатерлі ісік ауруының даму қаупін арттырады.

Аспартам төмен калориялы сусындарда көп мөлшерде болады. Оны ешқашан шайға қосуға болмайды. Аспартамды ұзақ уақыт қолдану бауыр мен өкпенің қатерлі ісігінің даму қаупін арттырады, сонымен қатар мидың зақымдалуына әкеледі.

Цикламат - бірнеше елдерде тыйым салынған. Бүйрек жеткіліксіздігін тудырады.

Ацесульфам калий канцероген болып саналады. Көбінесе газдалған сусындарда болады.

Ксилитол - өте жоғары калориялы қоспа. Метаболикалық бұзылуларды тудыруы мүмкін.

Егер жоғарыда аталған қоспалар өнімнің құрамында болса, басқа таңдау жасаған жөн, - делінген мақалада.

Өзгелердің жаңалығы