Татарстанның медициналық тәжірибесі Қазақстанға не береді?

21 Шілде 2026, 19:28
АВТОР
 ДСМ баспасөз қызметі 21 Шілде 2026, 19:28
21 Шілде 2026, 19:28
341
Фото: ДСМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің делегациясы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің жетекшілігімен Татарстан Республикасының медициналық білім беру, ғылым және денсаулық сақтау салаларындағы озық тәжірибесімен танысты.

Жұмыс сапарының мақсаты – денсаулық сақтау, медициналық білім беру және ғылым салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ заманауи білім беру, клиникалық және цифрлық технологияларды енгізу тәжірибесін зерделеу болды.

Қазақстандық делегация Татарстан Республикасының жетекші медициналық және білім беру ұйымдарының қызметімен танысты.

Жұмыс сапары шеңберінде Қазан мемлекеттік медицина университетінің ректоры Айрат Фарраховпен кездесу өтті. Тараптар медицина кадрларын даярлау, бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру және болашақ дәрігерлерді даярлау үдерісіне заманауи технологияларды енгізу бағытындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

Бағдарлама аясында Қазан мемлекеттік медицина университетінің кадаверлік орталығына, «AMTEK» білім беру орталығына, Республикалық клиникалық ауруханаға, Балалар республикалық клиникалық ауруханасына, №7 Мемлекеттік клиникалық ауруханаға, Өңіраралық клиникалық-диагностикалық орталыққа, сондай-ақ медициналық симуляциялық технологияларды әзірлеуші жетекші компаниялардың бірі саналатын «EIDOS» компаниясының өндірістік алаңына бару ұйымдастырылды.

Сапар барысында медицина кадрларын практикаға бағдарланған даярлау, симуляциялық оқытуды дамыту, денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру, жоғары технологиялық медициналық көмекті ұйымдастыру және клиникалық практикада инновациялық шешімдерді қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ Татарстан Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің Төрағасымен және Татарстан Республикасының Денсаулық сақтау министрімен кездесулер өтті. Келіссөздер барысында денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастырудағы үздік тәжірибелермен алмасу, медицина ғылымын дамыту, саланы цифрлық трансформациялау, жоғары білікті мамандар даярлау және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды.

Сапар қорытындысы бойынша тараптар әріптестік қатынастарды одан әрі дамытуға, сондай-ақ Қазақстан мен Татарстан Республикасының медициналық ұйымдары арасындағы академиялық алмасуды кеңейтуге өзара мүдделі екенін растады.

Наверх