Қорғаныс министрлігі ресми түсініктеме жасап, бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кейбір Telegram-каналда Татарстан Республикасының объектілеріне шабуыл жасаған ұшқышсыз басқарылатын құрылғылардың Қазақстан аумағынан ұшырылғаны туралы таралған ақпарат шындыққа жанаспайды. Мұндай жалған мәлімет Қазақстан Республикасының беделін түсіруге бағытталған. Осыған байланысты азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарына таралған қауесеттерге мән бермеуін және тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұраймыз, - делінген министрлік хабарламасында.