Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ресей Федерациясының Татарстан Республикасында ат үстіндегі күрес – аударыспақтан Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.
24-26 маусым аралығында өткен жарысқа Ресей Федерациясының Татарстан, Башқұртстан, Қалмықия қатарлы Республикалары және Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің балуандары қатысты.
Тартысты бәсеке нәтижесінде, еліміздің құрама командасы 2 алтын, 2 қола медальға қол жеткізді.
70 келі салмақта Шыңғыс Ержанов (Ақтөбе) пен 90+ келі салмақта Данияр Смайылов (Жамбыл) чемпион атанды. Сонымен қатар 60 келі салмақта Азамат Серғазин (Ақтөбе) мен 80 келі салмақта Дәулет Ережепбаев (Жамбыл) ІІІ орын иеленді.
Татарстан Республикасында өткен аударыспақтан әлем чемпионатынан жеңімпаз болып оралған палуандар Данияр Смайылов пен Дәулет Ережепбаевты жерлестері ерекше салтанатпен қарсы алды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ал осыдан бір апта ғана бұрын еліміздің аударыспақ палуандары Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен V Этноспорт мәдени фестиваліне қатысып қайтқан болатын.
Сондай-ақ, аударспақтан І Әлем чемпионаты 2017 жылы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында астанада жалауын желбіреткен еді.