Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тасқыннан жиналған сулар жайылымдарға жіберілді

13 Мамыр 2025, 11:06
472
Бөлісу:
 архив
Фото: архив

Бұл туралы үкімет отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында министрлік өткен жылдың қазан айынан бастап вегетацияаралық кезең мен көктемгі тасқын кезінде жалпы көлемі 15,7 млрд м³ суды көлдік жүйелер мен жайылымдық және шабындық алқаптарға бағыттау жұмыстарын жүргізді, – деді министр.

Су министрінің сөзінше, Тасөткел су қоймасынан Созақ ауданы аумағына 1,5 млрд м³ су ағызылды.

2025 жылдың басынан бері Қапшағай су қоймасынан Балқаш көліне 3,8 млрд м³ су жіберілді. Бұл іс-шаралар аймақтардың экологиялық жағдайына оң әсерін тигізері сөзсіз, – дейді ол.

Еске сала кетейік, осыған дейін министр алдағы екі айдың ауа райына болжам жасағаны туралы жазғанбыз. Құрғақшылық жайлайтын 10 аймақ та аталды. Премьер-министр Олжас Бектенов Ауыл шаруашылығы министрінен шегірткемен күрес барысын да сұрады.

Өзгелердің жаңалығы