Тасқыннан жиналған су қайда жіберіліп жатыр? – министрлік жауап берді

25 Маусым 2024, 17:44
453
Бөлісу:
Тасқыннан жиналған су қайда жіберіліп жатыр? – министрлік жауап берді
Фото: ОКҚ

Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева Қазақстанның су қоймаларына мол су жиналғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жалпы алғанда, Қазақстанның су қоймаларында 75 млрд текше метр су жиналды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15 миллиард текше метрге артық. Салыстыру үшін: былтыр еліміздің ауылшаруашылығы саласына 14 млрд текше метр су жұмсалды. Ал 2023 жылдың қорытындысы бойынша республиканың жалпы пайдаланған су көлемі 24,4 млрд текше метр, – спикер ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның сөзінше, су қоймаларында жиналған судың 12 млрд-тан астамы тасқын суы, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 2,5 есе көп.

12,4 млрд текше метр тасқын суы еліміздегі көлдерге, лимандарға және табиғи шабындықтарға жіберілді. Атап айтқанда, лимандарға 1,2 млрд, көлдерге 4,5 млрд, суармалы шабындықтарға 6,7 млрд текше метр су жіберілді. Су тасқыны кезінде Балқаш көліне 3,3 млрд текше метр, ал Каспий теңізіне шамамен 6 млрд текше метр су жіберілді. 80 млн текше метр тасқын суы БҚО Қамыс-Самар көлдеріне жіберілді, бұл көлдерге шамамен 20 жыл бойы су бармаған, – деді Мөлдір Әбдуалиева.

Өзгелердің жаңалығы