Тасқынға – тосқын: павлодарлық төтеншеліктер тас-түйін дайын

12 Наурыз 2023, 10:36
1397
Бөлісу:
Тасқынға – тосқын: павлодарлық төтеншеліктер тас-түйін дайын
Фото: автордан

Ертіс өңірінде көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық рет-ретімен жүріп жатыр. Аа райы қолайлы сондықтан, алаңдауға негіз жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Облыстық ТЖД бастығының орынбасары Олег Терещевтің айтуынша, дайындық жұмыстары өткен жылдың жазынан бері жүргізіліп келеді.

Облыстық су тасқынына қарсы жедел штаб жоспарлы жұмыстарды атқарып жатыр. Осы уақытқа дейін  өңірдегі 28 гидротехникалық нысан қорғаныс үйінділермен бекітілді. Материалдық-техникалық құралдар, яғни, жанар-жағармай, инертті мматериалдар, қапшықтар дайын. 105 тонна жанар-жағармай, 9 мың тонна инертті материал және құм толтырылған 34 500 қапшық бар, - дейді Олег Терещев.

Мамандардың мәліметінше, елді мекендерден қар тазалау жұмыстары қыс бойы жүргізілген. Осы күнге дейін 1 млн 130 мың текше метрден астам қар шығарылған. Өткен жылғы тәжірибеге сүйене отырып, ойпаң жатқан 43 ауыл жіті бақылауға алынған. Сондай елді мекендердің қатарында Ақтоғай ауданының Шолақсор ауылы бар.

Ауылға жақын жатқан Сілеті өзенінде мұздың кептелуіне жол бермеу үшін мұзды кесу жұмыстары қолға алынды. «Мұзды әлсірету» деп аталады. Осылайша, өзен арнасының қозғалысына кедергі болмайды. Мұз жиналып қалмайды. Бұл қарапайым тәсілдің тиімділігі мол. Мұзды жару қажет емес және қаржылық шығындарды қажет етпейді. Қоршаған ортаға да зиян келмейді, - дейді Олег Терещев.

Облыс аумағында республикалық және облыстық маңыздағы жолдардың бойында 1400-ден астам су өтізу құралы бар, олардың барлығы бірнеше күннен кейін ашылады. Нысандардың барлығы сала мамандарының жіті бақылауында. 

Апат айтып келмейді. Төтенше жағдай болса, күрес жұмыстарына облыс бюджетінде 1 млрд 747 мың теңге көлемінде қаражат қарастырылған. Сонымен қатар, 1 мың адамнан тұратын жеке құрам мен 600 техника дайын. 

Өзгелердің жаңалығы