Тасқын су. Зардап шеккен тұрғын үйлер газ желісіне қайта қосылды

4 Мамыр 2024, 19:59
271
Бөлісу:
Тасқын су. Зардап шеккен тұрғын үйлер газ желісіне қайта қосылды
Фото: Скрин

Тасқын судан зардап шеккен тұрғын үйлердің 85% газ желісіне қайта қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Бұл туралы "Жылойгаз" ЖШС директоры Ғ. Жақашев мәлімдеді.

Қаланы қалпына келтіру бойынша жұмыстар кешенді түрде атқарылуда. Қазірдің өзінде газ желісін қайта қосудан бөлек, үзілген желілерді қайта жалғау жұмыстары, газ желілерінің жүйесін өзгерту, оларды жаңа желілерге қосу жұмыстары жүргізілуде. Біздің есебіміз бойынша газ желісіне қосылуы тиіс 400 ге жуық абонент қалды. Оның ішінде көп қабатты пәтерлерді тек бір абонент деп есептейтін болсақ, жұмыстардың 85% аяқталды, - деді Ғ. Жақашев.

Өзгелердің жаңалығы