Тасқын су. Құлсары қаласында бүлінген жолдар қалпына келтірілуде

11 Маусым 2024, 13:31
475
Бөлісу:
Тасқын су. Құлсары қаласында бүлінген жолдар қалпына келтірілуде
Фото: Скрин

Бұл туралы Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бекет Бозжігітовтің айтуынша, қазіргі уақытта аудан орталығындағы Автожолшылар-2 ықшам ауданындағы көшелерден бастап қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде орталық ауруханаға кірме жол, тасқын судан бүлінген Қожанов көшесін қалпына келтіру жұмыстары басталды. Мердігер мекеме - "Казком сервис" ЖШС. Қала бойынша су шайған жолдарды қалпына келтіру жұмыстарын күз мезгіліне дейін толық аяқтау жоспарда,- деді спикер.

Өзгелердің жаңалығы