Қоймаларға өзендер мен көлдерге тасқын суларды жіберу туралы ақпарат белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазір БҚО-ның төрт ірі су қоймасында орта есеппен 88%-ы суға толғаны айтылды. Ал Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 100%-ға толы.
Одан бөлек, Солтүстік Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы 100%-ға толған. Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 97%-ға толғаны хабарланды.
Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 82,4%. Ал Абай облысында Шүлбі су қоймасы 39,8%-ға толды.
Қарағандыдағы үш ірі су қоймасы орта есеппен 98,6%-ға толса, Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%.