Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстанның кәсіпкерлік қауымдастық өкілдері бас қосты

28 Сәуір 2023, 01:47
692
Бөлісу:
Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстанның кәсіпкерлік қауымдастық өкілдері бас қосты
Фото: inbusiness.kz

Жиынды екі елдің сауда палаталары ұйымдастырды. Елімізден барған бизнес құрылым жетекшілері Өзбекстан арқылы Ауғанстан мен Пәкістанға еркін тауар тасымалдау ниетін жеткізді. Өңіраралық ынтымақтастық шеңберінде өнеркәсіптік кооперацияны дамыту жайы да пысықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Транзитке қатысты түйінді түйткілдерге сауда палаталары ерекше назар аударып отыр. Себебі кәсіпкерлер тауарын бәсекелестік ортаға шығару жолында кедергілерге жиі тап болады. Ал онсыз үшінші елдермен алыс-берістің артуы мүмкін емес. Мамыр айына жоспарланған Премьер-министрлердің кездесуінде осы мәселе жіті қаралмақ. Оған бизнес қауымдастық тиісті ұсыныстарын әзірлеп жатыр. Кеңес қорытындысында құны 900 мың долларлық импорттық және экспорттық келісімдер бекіді.

Іскерлік кеңес барлық саладағы мәселелерді қамтиды. Бұл жолғы жиында Қазақстанның азық-түлігін Ауғанстан мен Пәкістанға жеткізу жолдары пысықталды. Туристік мүмкіндікті молайту да біздің назарымызда болды. Осы бағытта Түркістан және көршілес Өзбекстан өңірлерін дамытуға қатысты қызықты ұсыныстар айтылды. Жеңіл өнеркәсіпке келсек, қазақстандық тоқыма өніміне арналған шоурум ашу бастамасы бар, - дейді Қазақстанның сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы Аян Еренов

Өзгелердің жаңалығы