Ташкентте эпидемиологиялық жағдай ушығып, екі аптаға карантин жарияланды

26 Маусым 2021, 07:45
2117
Бөлісу:
Ташкентте эпидемиологиялық жағдай ушығып, екі аптаға карантин жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстан астанасы эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты екі апталық карантинге жабылады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мұндай шешімді коронавирусқа қарсы іс-қимыл жөніндегі арнайы республикалық комиссия қабылдады.

28 маусымнан бастап 12 шілдеге дейін Ташкентке көрші облыстардан автокөлік құралдарымен (автомобильдер мен автобустар) кіруге шектеу қойылады. 28 маусымнан бастап бүкіл ел бойынша барлық ойын-сауық нысандары (мейрамханалар, түнгі клубтар, караоке, бильярд және компьютер залдары, қоғамдық тамақтану орындары-кафелер, асханалар мен шайханалар) кесте бойынша 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал осы мекемелерге келушілер саны жалпы көлемнің 50 пайызынан аспауы тиіс, – делінген Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Өзбекстан ауруханаларында ковид расталған 3571 науқас бар.
Өзгелердің жаңалығы