Тәшенов атындағы университет Тоқаев көшесінде орналасады

25 Шілде 2022, 14:07
13665
Бөлісу:
Тәшенов атындағы университет Тоқаев көшесінде орналасады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласындағы  «Сырдария» университеті 1998 жылы ашылған.

Бұл білім ордасы  еліміздің оңтүстік қиырындағы шалғай аудан жастарын жоғары білім алуға тарту, оларды рухани бай, парасатты, білікті мамандар етіп тәрбиелеу арқылы әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында ашылған  болатын.   

23 жылдан бері аталмыш оқу орны тарихы мен дәстүрі қалыптасқан  жеке жоғары оқу орындарының біріне айналды. 

Тәшенов атындағы университет Тоқаев көшесінде орналасады

Осыған байланысты үкімет және Ғылым және білім министрлігінің тарапына бұл университетті Шымкентке көшіру туралы ұсыныс түсті.

Университетке белгілі мемлекет және қоғам қайраткері,  Жұмабек Ташеновтің атын беру ұсынылды. Ұсыныс бірауыздан қабылданды.  Енді  үшінші мегаполистің төрінде Ж. Ташенов  атындағы  университет  2022-2023 жаңа  оқу жылын бастамақ, - дейді Университеттің ректоры ҚР ҰИА корреспондент мүшесі,т.ғ.к., доцент  Байболов Қанат Сейтжанұлы.

Айта кету керек, Жұмабек Ташенов -Қазақстанның Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Көкшетау, Ақмола секілді бес облысын Ресейге беруге қарсы шыққан   және   мақта егетін аудандарды - Өзбекстанға, Маңғыстау түбегін - Түркіменстанға беру туралы шешімге тойтарыс беріп, осылайшы қазақ жерінің тұтастығының сақталуына орасан зор ықпал еткен тұлға. 

Тәшенов атындағы университет Тоқаев көшесінде орналасады

Сондай-ақ ол осындай алып тұлғаның атындағы университет атану оқу ордасы үшін өте үлкен мәртебе екенін мақтанышпен айтып өтті.

Біздің мақсатымыз университетті 2025 жылға дейінгі Даму стратегияны жүзеге асыра отырып,  аймақтың дамуына елеулі үлес қосатын заманауи талаптарға сәйкес келетін, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындайтын білім ордасына айналдыру. Ол үшін  бұл бағытта - білім беру бағдарламаларын еңбек нарығындағы өзгерістерді ескере отырып жаңарту, оны жүзеге асыруда барлық жағдайлар қарастырылған. Бүгінгі таңда университетте бакалавриаттың 13 бағыты бойынша 31 мамандар, магистратураның 5 бағыты бойынша 6 мамандыққа  білім беру қызметі құқығына ие лицензиялар бар, - дейді ректор.

Ол қазіргі кезде бұрынғыдай гуманитарлық мамандықтар мен қатар   техникалық мамандықтарға басымдық беру керектігін өмір көрсетіп отырғанын, әсіресе,  инженерлер мен өнеркәсіпшілердің жаңа буынын қалыптастыру заман талабы екенін айтты.

Осы бағытта Жұмабек Ташенов атындағы университет  техникалық, ауылшаруашылық, қызмет, Ветеринария бағыты бойынша Білім бағдарламаларын жұмыс берушілердің талаптарын ескеріле отырып даярланып, бүгінгі таңда Болон процесінің орталығында сараптамадан өтуде. Сараптама қорытындысы бойынша жоғарыда айтылған бағыттарға лицензия алынатын болады. Сондай-ақ, техникалық, ауылшаруашылық және ветеринария бағытындағы студенттерді тәжірибиеге бағытталған маман болып шығуы үшін ірі және кіші кәсіпорындарда, дуальдіоқыту жүйесін кеңінен қолдану  қолға алынады,- дейді  Қанат Сейтжанұлы. 

 

Оның айтуынша студенттердің кәсіби тәжірибесінің жаңа форматын белсенді түрде енгізіп, кәсіпорын  тарапынан ақылы тәжірибеге көшуді қолға алу жоспарланып отыр екен.

Университет білім берудің цифрлық форматына бейімделуден өтуде. Ал кадрлар мәселесі бойынша  университетте өңірге  белгілі ғылым, білім саласында зияткерлік элитасы бар Профессор-оқытушылар құрамы жұмыс істейді.  Университетте 187 адам, оның ішінде ПОҚ– 168, ғылым докторлары – 13, ғылым кандидаттары – 62;, PhD докторы – 5.Магистранттар- 88, Педагогикалық кадрлардың дәрежесі – 47,62 % құрайды ,- дейді ректор.

Тәшенов атындағы университет Тоқаев көшесінде орналасады

Сондай-ақ, ол университеттің статегиялық басымдықтардың бірі-студенттерді әлеуметтік қолдау көрсету- ол жатақханамен қамтамасыз ету екенін айтып өтті.

Қазіргі таңда университетте 850 орынға арналған 4 студенттік жатақхана бар. Жатақханаларда компьютер сыныптары мен кітапхана, сонымен қатар WI-FI зоналары, компьютерлік және оқу залы,  ас дайындау блоктары, тренажер залы, демалыс бөлмелері, жуыну бөлмелерімен қамтамасыз етілген,- деді Қанат Сейтжанұлы.

Ол университеттің стратегиялық бағыттарының бірі- Жұмабек Ташенов атындағы университеттің кампусын салу. Ол бойынша жұмыстар атқарылып жатқанында тілге тиек етті.

Өзгелердің жаңалығы