Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аталған бағдарлама аясында Тасқала ауданында бірқатар білім беру, медициналық, мәдени нысандарға, әлеуметтік қызмет көрсету ғимараттарын жөндеу, көше жарықтарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бағдарлама арқасында 205 жаңа жұмыс орындары ашылса, оның ішінде 106 адам аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыспен қамтылды.
Ауданда екі мектеп-балабақшаға күрделі жөндеу және Ақтау ауылында дәрігерлік амбулатория ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жоба сомасы 50,8 млн теңге құрады. Бүгінгі күні мердігер компания ішкі жөндеу жұмыстарына кірісті.
Сондай-ақ Достық және Мерей ауылдарында фельдшерлік-акушерлік пункттер, Мереке ауылындағы медициналық пунктке күрделі жөндеу жұмыстары жасалуда.
Сонымен қатар, бағдарлама аясында Амангелді ауылындағы мәдениет үйінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Келісім-шарт бойынша жобаның құны 84 млн теңгені құрайды. Жөндеу жұмыстарына 23 жаңа жұмыс орындары ашылып, соның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 12 адам тіркелді.
Ауданның арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы да жаңа кейіпке енбек.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудан орталығында 91,3 млн теңгеге Абай, Скоробогатов, Маметова, Шамов көшелерінің жарықтандырылуы бойынша қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жақын арада Сапаров және Жақсығұлов көшелері бойынша жұмыстар басталатын болады.