Республикалық «Tartyl fest» турникке тартылу фестивалі бүгін Орал қаласында өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚазАқпарат мәліметіше, шара мақсаты – бұқаралық спортты дамыту және жастарды салауатты өмірге баулу. Ұйымдастырушысы – ҚР Президенті жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қоры.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан мәлім еткендей, фестиваль жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де ҚР Тұңғыш Президенті алаңында басталады.
Қатысушылар сағат 09:00-12:00 аралығында тіркеледі. Фестивальға 350-ден астам адам қатысуға ниет білдірген.