Тәртіпсіздіктерде қару ұрлаған кімдер?

21 Ақпан 2022, 14:42
2059
Бөлісу:
Тәртіпсіздіктерде қару ұрлаған кімдер?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Ұрланған қаруды іздеу және алу бойынша бағдарлы жедел-іздестіру іс-шаралары жалғасуда. Бүгінгі күні алынған қарудың жалпы саны 1 006 бірлікті және оқ-дәрі 20 307-ты құрайды, - деді Әділов. 

Ол Алматы қаласында қандай қарулар алынғанын айтты. 

Мысалы, жедел іс-шаралар кезінде Алматы қаласы Шаңырақ-2 шағын ауданында екі адам ұсталды, олардан 5 мың пистолет (2880 дана) және автомат (2160 дана) патрондары бар цинк жәшіктері, бронежилет, қалқан, тізеқорғағыштар түріндегі арнайы құралдар, 2 танкіге қарсы снаряд, тегіс ұңғылы қару, 7 пневматикалық винтовка, оның ішінде біреуі оптикалық көздегішімен және пневматикалық пистолет алынды, - деді ол. 

Әділов атап өткендей, Алматы қаласындағы тәртіпсіздіктер кезінде күдіктілер тобы жеңіл автомашинамен «Оружейник» аңшы дүкеніне келіп, ол жерден кіре беріс есігін сындырып 15 тегіс ұңғылы қару мен 4 ойық ұңғылы карабинді, оның ішінде оптикалық көздегішімен жымқырған. 

Ұрланған қаруды одан әрі сату мақсатымен Алматы қаласы мен Алматы облсы аумағында арнайы жабдықталған орындарда заңсыз сақтаған.Сонымен қатар тергеу барысында көрсетілген адамдардың Алматы қаласының әуежайына шабуылда және қиратуға қатысқаны анықталды. Сондай-ақ Алматы қаласында жаппай тәртіпсіздіктердің бір қатысушысы ұсталды, ол анықталмаған үш адаммен топтасып түнгі уақытта «Камерат» аңшы дүкенінің бұзылған қабырғасынан кіріп отты қаруды жымқырып екі жеңіл автокөліктермен алып кеткен, - деді ол. 

 

Өзгелердің жаңалығы