Тәртіпсіздіктер кезінде жанғыш қоспасы бар бөтелке таратқан күдікті ұсталды

19 Ақпан 2022, 18:17
1639
Бөлісу:
Тәртіпсіздіктер кезінде жанғыш қоспасы бар бөтелке таратқан күдікті ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде жанғыш қоспасы бар бөтелкелер таратқан адам ұсталды. Бұл туралыЖамбыл облыстық Полиция департаменті хабарлады. 

6 қаңтарға қараған түні сағат 20.00-де Тараз қаласындағы Қазыбек би көшесінде сұр түсті Mitsubishi Diamante автокөлігі тұрған. Автокөліктегі адамдар көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін алып, жүксалғышқа салып қойған. Көлік жүргізушісі жанғыз қоспасы бар бес литрлік ыдыс алып келіп, бөтелкелерге құйып, митингіге шыққандарға таратқан, - деді полиция өкілдері.  

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 255-бабы 4-бөлігі бойынша (Терроризм акті) соталды тергеу жүріп жатыр. 

Жедел-іздестіру шаралары кезінде полицейлер 44 жастағы тұрғынды ұстаған, ол - Алматы облысының бұрын сотталған тұрғыны. Күдікті тергеу изоляторына қамалды. 

Өзгелердің жаңалығы