Көкшетау – Нұр-Сұлтан тас жолының бойында тарихи тұлғалардың ескерткіштері орнатылды

9 Шілде 2019, 21:11
6515
Бөлісу:
Көкшетау – Нұр-Сұлтан тас жолының бойында тарихи тұлғалардың ескерткіштері орнатылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасалған мұндай жаңалықпен Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Ғалым Шойкин өзінің Facebook-тегі парақшасында бөлісті.

WhatsApp Image 2019-07-09 at 19.10.14.jpeg

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Көкшетау – Нұр-Сұлтан» тас жолының бойында тарихи-мәдени мұралардың бес нысаны – ұлы тарихи тұлғалар Ақан сері, Біржан сал, Кенесары Хан, Үкілі Ыбырай және Балуан Шолаққа ескерткіш орнатылды», - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

WhatsApp Image 2019-07-09 at 19.10.15.jpeg

Сондай-ақ, ол Ақан серіге қатысты ақпараттарды да қоса кетті.

WhatsApp Image 2019-07-09 at 19.10.16.jpeg

«Ақан Қорамсаұлы 1843 жылы қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Қоскөл ауылында дүниеге келген. Ақан 16-17 жасында музыка және өлеңдерді шығара бастады. Оның ерте шығармаларында махаббат тақырыбы басты болды. Оның ең белгілі лирикалық әндері «Қаранар», «Перизат», «Ақтоқты» және т.б.

Жас Ақанның талантын көрген туыстары оған Құлагер атты екі жылдық ат, Қараторғай атты бүркітті және Көкжендет атты қаршығаны сыйға тартқан.  

Сал сері-шығармашыл адамдарға тән барлық дәстүрлерді ұстанатын Ақан өзінде тұлпарды, жүйрік бүркітті, ұшқыр төбетті қасында ұстады. Олар «Құлагер», «Маңмаңгер», «Көкжендет», «Екі торы ат», «Алайкөк», «Тер қатқан» сияқты тамаша әндерді шығаруға себеп болды. Сондай-ақ, оның «Көкшетау», «Сырымбет», «Кербез сұлу» шығармалары туған жерге, туған жердің махаббатына арналған», - делінген ақпаратта.

WhatsApp Image 2019-07-09 at 19.10.17.jpeg

Өзгелердің жаңалығы