Тарихшы Еркін Әбіл. Алтын Орданың 750 жылдығы. Төренің түп атасы – қара

3 Қыркүйек 2021, 19:35
3717
Бөлісу:
Тарихшы Еркін Әбіл. Алтын Орданың 750 жылдығы. Төренің түп атасы – қара
Сұхбат VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Белгілі тарихшы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Еркін Әбіл Алтын Орданың 750 жылдығына қатысты сауалдарға жауап берген еді.

Әңгімемізге кіріспес бұрын журналист ретінде "Алтын Орданың 700 жылдығы" деп қате сөйлегенім үшін оқырмандарымнан, көрермендерімнен кешірім сұраймын?! Сұқбаттасушы журналист – Ержан Жаубай.

Әңгіме барысында тарихшы Алтын Ордаға қатысты, жалпы «Алтын Орда» терминінің біздің түсінігімізге, тарихи санамызға қайдан келгені жайлы айтады. Сонымен қатар, күні бүгін біз «Төре» атап келген, бастауын сонау Шыңғысхан дәуірінен алатын қазақтың үш жүзіне кірмейтін ақсүйектік атаудың қайдан шыққанына тоқталады.

Сондай-ақ, тарихшы Еркін Әбіл Алтын Орданың 750 жылдығына орай елімізде атқарылған және әлі де атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Осы және өзге де мәліметке қаныққыңыз келсе, төмендегі видеоны тамашалаңыз.


Видео: Сәкен ӨМІРЗАХОВ
Өзгелердің жаңалығы