Тарихшы: Ашаршылық мифтерге толы болды

16 Ақпан 2021, 12:49
2327
Бөлісу:
Тарихшы: Ашаршылық мифтерге толы болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Еркін Әбіл ашаршылыққа қатысты мәселелерді саясиландырудың қажеті жоқ деген пікірде. 

Кеңестік тарихи әдебиеттегі 1921-1922 жылдардағы ашаршылық тақырыбы көптеген мифке толы болды және өте саясаттандырылды. Оның себептерін бүгін сөйлеген спикерлер айтып өтті. Әрине, қазақ халқы үшін, Қазақ жерін мекендеген басқа этнос өкілдері үшін ашаршылық үлкен трагедия болды. Бірақ мәселені объективті тұрғыдан зерттеу үшін эмоцияны қалдырып, ашаршылықты ғылыми феномен ретінде зерттеу қажет, - дейді ғалым. 

Оның сөзіне қарағанда, ол үшін ашаршылық феноменін ғылыми зерделеу объектісі ретінде жүйелі түрде келесі қырларын жеке зерттеу керек. 

Әлеуметтік құбылыс ретінде – әлеуметтік жүйеге қандай әсер етті, дәстүрлі қауымның ыдырауындағы ролі, жаңа әлеуметтік топтардың пайда болуына әсері. Экономикалық құбылыс ретінде – дәстүрлі мал шаруашылығын жою процесіне әсері, экономикалық жаңғыртудағы ролі. Саяси құбылыс ретінде – Кеңес үкіметін орнату барысындағы, дәстүрлі элиталарды әлсірету жолындағы ролі. Этнографиялық құбылыс ретінде – аштықты жеңудің дәстүрлі стратегиялары, олардың зерттеліп жатқан кездегі қолжетімдігі. Жалпы алғанда, архив материалдары мен өзге де деректердің мол болуымен бірге 20-жылғы ашаршылық және оған ілеспе оқиғалар тақырыбы ашылудан алыс екенін айтуға мәжбүрміз, - дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы